Бұл электронды оқулық “Наноқұрылымды материалдар және олардың өндірісі” пәні бойынша білім алушыларға арналған. Оқулықта наноқұрылымды материалдардың жіктелуі, құрылымы, қасиеттері және қолданылу салалары жан-жақты қарастырылады. Сонымен қатар, заманауи өндіріс әдістері мен технологиялары, олардың артықшылықтары мен шектеулері де қамтылған. Теориялық материалдар практикалық мысалдармен, кестелермен, графиктермен және интерактивті тапсырмалармен толықтырылған. Бұл оқулық техникалық және жаратылыстану бағытындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарға, сондай-ақ материалтану және нанотехнология саласында еңбек ететін мамандарға пайдалы оқу құралы бола алады.